Пособие по HTML и CSS

 


Мектеп тарихы

Қазіргі №141 Қ.Сәбиров  атындағы орта мектебі бұрын №141«КИМ»орта мектебі

болған. Мектебіміз қазіргі Сұлутөбе, Тартоғай аралығындағы Қызылүй деген жерде 1921-1923 жылдар аралығында ашылған. Мектептің ашылуына бірден-бір себепші болған- Мүсілім Мырзахметов деген азамат. Алғашқыда Мүсілім Мырзахметовтың бастамасымен осы Қызылүйде алдымен жетім балалар үшін интрнат ұйымдастырылып, ол соған меңгерушілікке тағайындалады. Осы интернатта жетім балалармен қоса ауыл балалары оқып, сауат ашады, тәрбиеленеді.

                   1931 жылы Майлытоғайлықтар шаруашылық ыңғайына қарай алдымен артель құрады да, кейін соның негізінде 1934 жылы «КИМ» колхозы ұйымдастырылды. Осы колхозда 1935-1936 оқу жылында алдымен бастауыш мектеп ашылды.

Кейін 1936-1937 оқу жылынан бастап ол жеті жылдық мектеп болды.

        Мектеп үйінің салынуына сол кездері колхоз төрағалары Тапалов Биманның және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Ленин Орденінің иегері Сабыров Қапанның көп көмектері болған.          Мектебіміз 1963-1967 оқу жылынан бастап сегіз жылдық мектепке айналды. Жер көлемі 1 гектар жерге мектептің оқу-тәжірибе участігі ұйымдастырылады.         1979-80 жылдан бастап он жылдық орта мектеп болып белгіленді. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 3-сәуірдегі Қазақстан республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және олардың атауларын өзгерту туралы № 384 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы, Сырдария ауданының № 141 орта мектебіне қоғам қайраткері, 1-ші шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденінің иегері, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер Қапан Сәбировтың есімі берілді.
 



Жаңалықтар
  № 141Қ. Сәбиров атындағы орта мектепте 2010 жылғы 8-11 қыркүйек аралығында «Ұғынып тамақтан Спортпен үнемі айналыс. Денсаулығыңды сақта!» ұранымен «Денсаулық фестивалі -2010» акциясының іс-шара жоспары жасалып,  өткізілді.  
 
№ 141Қ. Сәбиров атындағы орта мектепте 2010 жылғы 13 – 18  қыркүйек аралығында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тілдер мерекесіне орай 1-11 сыныптар аралығында апталық өткізілді.
 
 

Мақсаты:
Тіл қарым-қатынас құралы екенін түсіндіру. Тілді құрметтеуге өзін-өзі ұстауға, тіл мәдениетін сақтай отырып шешендікпен сөйлеуге тәрбиелеу.
 

 

Hosted by uCoz